Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - 2018 жылы Netflix жаңа өнім дайындау үшін 12-13 млрд доллар жұмсайды. Бұл қаражат киностудиялардың кино мен телехикая түсіру үшін пайдаланатын қаражаттан әлдеқайда көп.
Қазірде компания жаңа фильмдер мен шоуларды жалғастырып жатыр. Осы жылы Netflix шамамен 82 фильм түсіру жоспарда бар. Оның қасында WarnerBros бұл жылы 23 фильм ғана түсіреді.
Фильмдерден бөлек Netflix қоржынында 700 телехикая мен ондаған деректі фильмдер, стендап-комедия, балалар мен ересектерге арналған шоулар бар.
Айта кететін жайт, Netflix мамырда Disney-ден сауда нарығында озып, онлайн-хабар тарататын ең қымбат компания болды.