Экономика
Выбор редактора
Медиа
News Corp сантаңбалық БАҚ-қа көбірек көңіл бөлмек
Wall Street Journal және MarketWatch басылымдарына иелік ететін Американың News Corp. медиакомпаниясы қайта ұйымдастыруды өткізіп, сантаңбалық БАҚ-қа көбірек назар аударуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Wall Street Journal.
Компания қызметкерлерінің арасында таратылған Dow Jones және WSJ бас редакторы Джерард Бейкердің хабарламасында "бұл қайта ұйымдастырудың мақсаты амбицияға толы, бірақ қарапайым - цифрлық кеңістікте көшбасшы жаңалық таратушы ұйымға айналу" делінген.
Ақпаратқа ие көздердің айтуынша, қысқартулардың жалпы саны 100 адамнан асып түсуі мүмкін. Жалпы алғанда WSJ қамтитын Dow Jones бөлімшесінде шамамен 1800 қызметкер еңбек етеді.
WSJ Прага мен Хельсинкидегі өкілеттіктерін жауып, Еуропа мен Азиядағы басқа бөлімшелерінің штатын қысқартуды жоспарлап отыр. АҚШ-та басылым ұсақ компаниялардың қызметтері туралы хабар тарататын топты жаппақ және Нью-Йорктегі экономикалық жаңалықтар редакциясын Вашингтондағы кеңсемен біріктірмек.
Қазіргі қызметкерлерді жұмыстан босатумен қатар, компания мобильді қосымшалар, интерактивті графиктер және мәліметтер журналистикасы аясында жаңа қызметкерлерді жұмылдыруды жоспарлап отыр.
WSJ бизнесінің қайта ұйымдастырылуы БАҚ нарығындағы жалпы тенденцияны қамтып көрсетуде, мұнда сантаңбалық БАҚ алғашқы позицияларға шығып жатыр, ал қағаз басылымдардың табысы төмендеуде.
Осылайша, осы жылдың бірінші тоқсанында News Corp. түсімі 1%-ға төмендеді, бұл ретте АҚШ, Ұлыбритания және Австралиядағы газет активтерін біріктіретін бөлімшелерде түсім 9%-ға төмендеген, ал жарнамадан түсетін кіріс 12%-ға қысқарған.