Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 12,1 млрд долларды құрады, деп хабарлады FinProm.
2019 жылы Қазақстанның ірі инвесторы Нидерланды болды. 2019 жылдың алты айында ТШИ ағындары 3,4 млрд долларға жетті, бұл өткен жылғы 3,7 млрд доллардан 9%-ға кем.
ТШИ ағыны бойынша екінші орынды АҚШ иеленді – 3 млрд доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Швейцария ірі инвесторлардың үштігін ТШИ ағыны 1 млрд долларды құрайды, ал ТОП-5 елдің ішінде Қытай (922,3 млн доллар) және Ресей (632,5 млн доллар) кірді.
2019 жылдың маусым айының соңына қарай Нидерландыдан Қазақстанға инвестиция көлемі 65,4 млрд долларды құрады,бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз.
Нидерланды барлық инвестицияның 80%-дан астамын Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуға салды - 52,7 млрд АҚШ доллары. Нидерландыдан келген инвесторлар үшін екінші тартымды сала өңдеу өнеркәсібі болды, салынған қаражат сомасы 4 млрд долла, немесе жалпы көлемнің 6,1%-ы. Үшінші орында - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,3 млрд доллар немесе жалпы соманың 5%-ы.
Жалпы, осы жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанда Нидерланд капиталымен 665 компания жұмыс істеді, оның ішінде 517 шағын, 62 орта және 86 ірі. 2014 жылдың аяғында елімізде 931 компания болған.