Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нигерия мұнай өндірісін қалыпты ұстап тұруға келісім берді

Нигерия мұнай өндірісін қалыпты ұстап тұруға келісім берді

Нигерияның мұнай өндірісі жөніндегі министрі Эммануэль Качикву мемлекет қара алтын  деңгейін қалыпты ұстап тұру туралы келісімді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Вести Финанс хабарлайды.

 "Біз қазіргі кезде ОПЕК квотасы қарастырылған мұнай көлемін экспорттап жатқан жоқпыз", - деді министр Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.

Качиквудың сөзінше, Нигерия тәулігіне 2,2 млн тонна мұнай өндіреді. Ал (Ресей мен ОПЕК-тің бірқатар мүшелері арасындағы келісім) бұл қаңтар айындағы деңгейге сәйкес келіп отыр.

Сондай-ақ, министр алдағы уақытта негізгі сұрақтар бойынша ОПЕК-тің жедел жиналысы қатысушылардың келісімінсіз болса тиімсіз болатынын атап өтті. "Жақын арада ОПЕК жедел жиналыс өткізе қоймайды. Дегенмен кездесу өткізу үшін бір-бірімізбен ақылдасып алуымыз керек. Егер негізгі сұрақтар бойынша келсімсіз кездесу болса,  бұл тиімсіз болады, әрі мұнай бағасына әсер етеді", - деді ол.

Айта кетейік, 2016 жылдың 16 ақпанында Доха қаласында Ресей, Сауд Арабиясы, Катар, Венесуэла мұнай деңгейін қаңтар айындағы көлем бойынша қалыпты ұстауға келісім жасады. Ал Нигерия келісімді қолдап отырған 11 мемлекет болды.

Похожие материалы