Экономика
Нью-Йоркте орнатылған жалған Apple Store-ге тұрғындар сеніп қалды
Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – Американдық Improv Everywhere комик-импровизаторлар ұжымы Нью-Йорк тұрғындарымен метро аялдамасында жалған Apple Store ашу арқылы әзілдесті. Адамдарды сендіру үшін олар iPhone X сатылымының басталуын күткен 50 адамды кезекке тұрғызған.
Improv Everyhwere командасы алдымен Манхэттен ауданындағы аялдаманың лифтіне Apple логотипін ілді. Содан кейін оның жанына "Apple Store"-дің бірнеше жалған қызметкерлерін тұрғызды. Кезекте тұрған "сатып алушылар", олар да әзілдің бір бөлігі болған, лифтке түсіп, содан кейін жаңа iPhone-мен жоғары көтерілді.
[caption id="attachment_99427" align="alignnone" width="300"]
Фото: Improv Everyhwere[/caption]
Америкалық ұжымның бұл әзілі өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әзіл ойын басталғаннан кейін өзге адамдар да iPhone X-ті сатып алу үшін кезекке тұра бастаған. Бірақ, Apple Store қызметкерлері дүкенде тек 50 құрылғы ғана қалғанын, сондықтан оларға дейін кезек жетпейтіндігін айтқан. Дегенмен, бір жұп "қандай жағдай болса да" соңына дейін күтуді ұйғарады. Сол кезде ұйымдастырушылар оларды ішке кіргізеді, лифтмен төмен метро аялдамасына түскен ғашықтарға iPhone-нің бос қораптарын табыстайды.
[caption id="attachment_99428" align="alignnone" width="300"]
Фото: Improv Everyhwere[/caption]
Қазан айында өткізілген әзіл ойын Reddit пайдаланушыларын да қызықтырды. Форумға қатысушылардың бірі қалғандарыннан адамдар жаңа флагмандық смартфонды күтіп отырған Манхэттендегі жаңа Apple дүкені туралы естідің бе деп сұраған.