Нора Джеруто әлем чемпионатының «алтыны» үшін қанша сыйақы алатыны белігілі болды
Қазақстан. 21 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 қаулысына сәйкес 2022 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Тануи Нора Джеруто 15 мың доллар (7 млн 204 мың 350 теңге) көлемінде ақшалай ынталандыру алады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тануи Нора Джеруто 1995 жылы 2 қазанда Койбатек округінде (Кения) фермер отбасында дүниеге келген. Бойы 160 см, салмағы 44 келі. Ол 2022 жылдың сәуір айында жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданды.
2018 жылы Қазақстан азаматтығын алу ниетімен Нора Жеруто тиісті органдарға жүгініп, кейіннен белгіленген ережелер негізінде азаматтық алған.
Айта кетейік, Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, осы спорт түрінен Қазақстанға алғаш рет алтын медаль әкелді. Спортшы 3000 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруде – 8:53.0 уақытымен бірінші болып келіп, рекорд орнатты.