Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Норвегия бензинмен жүретін көліктерге тыйым салуы мүмкін

Норвегия бензинмен жүретін көліктерге тыйым салуы мүмкін

Осло. 8 маусым. 7kun.kz - Норвегияның төрт бірдей саяси партиясының өкілдері мемлекеттің энергетикалық саясатына байланысты 2025 жылдан бастап бензинмен және дизельмен жүретін автокөліктердің сатылымына тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы tvnet.lv порталы хабарлайды.

Норвегия әлемде мұнай экспорттайтын ірі мемлекеттердің бірі болғандықтан саясаткерлерге мұндай шешімге келe оңай болмаған.

Оcылайша мемлекет электромобиль нарығына өтуші елдер арасында бірінші болмақ. Бұған дейін 2025 жылдан бастап бензинмен жүретін көліктерге тыйым салу туралы жоспар Үндістанда және Голландияда жасалған болатын. Алайда бұл шешім тек парламент деңгейінде ғана нақтыланған.

Айта кетейік, Норвегияда сатылатын жаңа көліктің әрбір төртіншісі - электрокарлар. Мұндай сатылым басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Похожие материалы