Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Норвегия резервті қордағы қаржысын жұмсауға мәжбүр

Норвегия резервті қордағы қаржысын жұмсауға мәжбүр

Норвегия билігі осы жылы резервті қордағы қаржысын жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы елдегі Орталық банктің басшысы Ингве Слингстад мәлімдеді.

Жалпы көлемі 900 млн доллар деп есептелетін әл-ауқат қоры Норвегия экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші орталық болып табылады. 2015 жылы ел билігі жиналған қаржының 3%-ын немесе 21,8 млрд доллар жаратпақ деп хабарлайды vestifinance.ru порталы.

Мұнай бағасының төмендеуінен қорға түсетін қаржы көлемі соңғы 16 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейдге дейін қысқарған. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, трансфер 662,5 мың долларды құрады.

Аймақтағы экономиканың жағымсыз жағдайы Норвегияға әсер етіп отыр. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 2006 жылдан бергі ең жоғары деңгейде 4,1%-ды тіркеп, үкіметтен елдегі ахуалды тұрақтандыру талап етіліп отыр.

Похожие материалы