Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Норвегия өзінің жеке криптовалютасын шығаруды жоспарлап отыр

Норвегия өзінің жеке криптовалютасын шығаруды жоспарлап отыр
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - Норвегияның Орталық банкі қолма-қол ақшаны толықтыратын жеке криптовалютаны шығаруды жоспарлап отыр деп жазады rb.ru. Норвегия Орталық банкі криптовалютаны қолма-қол ақшаға қосымша ретінде, тәуелсіз резервті қаржы және электронды төлемдер жасауға арналған валюта ретінде қолдануы мүмкін. "Қолма-қол ақшаны қолдану көлемінің төмендеуі банк басшыларының криптовалюта туралы тереңрек ойлануына алып келді. Болашақтың ақшаның жаңа түрлері керек болуы мүмкін. Бізге тиімді әрі сенімді қаржы жүйесі қажет",-деді Норвегия Орталық банкінің басшысы Ульсен Ойстейн. Қазіргі кезде Норвегияның Орталық банкі криптовалюта туралы зерттеулердің алғашқы кезеңін ғана аяқтаған.

Похожие материалы