«Нұр Отан» сайлауалды штабын Асқар Мырзахметов басқарады. Бұл туралы партияның ресми сайтында хабарланды.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары, әрі штаб басқарушысы Асқар Мырзахметов бұған қатысты брифинг өткізіп, партияның кезектен тыс XVІI съезінде Парламент мәжілісінің депутаттары сайлауына арналған партиялық тізім бекітілгенін, жаңа сайлауалды бағдарламаның қабылданғанын еске салды.
«Штаб жұмысының міндеті – «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңіске жетуі», - деді А.Мырзахметов партияның Орталық аппаратында өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ, барлық өңірлерде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін 16 аймақтық және 208 аумақтық штаб құрылмақ. Олардың құрамында 3,5 мыңнан аса адам кіреді.
Фото: surak.szh.kz