
Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Нұр-Сұлтандағы Ұлы дала мен Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында үш автобус және жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.
«Қала маңына қатынайтын № 303 маршрутты автобус № 12 бағдарлы автобуспен соқтығысқан. Осының салдарынан № 53 бағдарлы автобустың жолаушылары мен жедел жәрдем көлігіндегі азаматтар да зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша құрбандар мен жарақат алғандар бар. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктер де зақымданған. Оқиғаның анық-қанығы туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева.
Айта кетейік, Елорда әкімі оқиға орнына барды.
Жол көлік апатынан 2 адам қайтыс болды. Жалпы 27 адам зардап шегіп, 25 адам аураханаға жеткізілді.