Нұр-Сұлтанда арнайы ХҚКО қызметкерлері мен полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан. 16 тамыз. 7kun.kz – Елорданың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін көліктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы мен Алматы облысы бойынша Полиция департаменті процессингтік орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысты екені анықталды.
«Аталған тұлғалар жүйелі түрде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлемей, ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген», – деді Антикорда.
14 тамызда тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынғаны атап өтілді.
Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде.
Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаға құқықтық баға берілетіy болады.