
Нұр-Сұлтан. 28 шілде. 7kun.kz – Елорда поициясына Нұр-Сұлтан әуежайында бомба бар деген жалған ақпарат түскен. Хат әуе айлағының электронды поштасына келген, деп хабарлайды 7kun.kz.
«28 шілде сағат 09:46-да «102» арнасына авиация қауіпсіздігі қызметінен әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Бомба туралы хат әуежайдың электронды поштасына жіберілген», – деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, жарылғыш зат табылған жоқ.
Полицейлер мина қойылғаны туралы жалған ақпарат қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.