
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – 29 мамырда Қазақстанның астанасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді.
Отырыс екі мерейтойлық күндерге – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына арналады, - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.
Отырыс аясында ЕАЭО-тың цифрлық күн тәртібін іске асыру бойынша ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және ЕАЭО-тың халықаралық іс-шараларының негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы, ЕАЭО үшінші елдермен сауда шарттарын жасасу кезінде қол жеткізілген нәтижелер мен қажетті шешімдер туралы баяндамалар тыңдалады, - делінген хабарламада.
Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО-тың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды. Бірқатар халықаралық шарттарға қол қойылады.