Нұр-Сұлтан. 27 мамыр. 7kun.kz – Қазіргі кезеңде іргетасы қалануда. Крематорий елорданың Алматы ауданында орналасады, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» «Биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша патологиялық-анатомиялық бюро» нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік нысан құрылысына қанша қаржы бөлінгенін нақтыламады.
Сондай-ақ, екі күн бұрын Алматыдағы крематорийді іске қосу күні тағы кейінге шегерілді. Иженерлік желілердегі жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Алматыдағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінді.