Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтанда пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтанда пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz  – 2019 жылы 20-21 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында #Expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді.

Осы екі күн ішінде келушілер тұрғын үй кешендері, қаржыландыру бағдарламалары және әзірлеушілердің ағымдағы акциялары туралы ең өзекті және сенімді ақпаратты ала алады. Жобаны OLX.kz және Homsters.kz компаниялары ұйымдастырады.

Жәрмеңке шеңберінде 20-дан астам экспоненттер ұсынылады. Келушілер жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстармен таныса алады, 7-20-25 тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес алады, кәсіби заңгерлермен және мамандармен әңгімелеседі, дайын пәтер немесе үйді таңдап, құрылыс салушылардан жеңілдіктер алады.

Іс-шара аясында сатып алушылар құрылыс салушыларға өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарды тікелей қоя алады. Көрмеге келушілер семинарларға және әр түрлі іс-шараларға қатыса алады, сондай-ақ құнды сыйлықтарға ие болады.

Іс-шараның серіктестері: Al Hilal Банк, Bank Center Credit, Halyk Bank, BI Group, G - Park, Баспана ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасымен, Тұрғын үй құрыллыс жинақ банкі, Novec, Tau Tengri ТК, Park House ТК, Дива Строй, MTS Company LTD, Үркер ТК , Astana New Capital, Shang He Group, Orda Invest, Nak Astana Kyrilis, Global Expert Development Group, Viva Grand, Биік шаңырақ, Beeline компаниясы.

Жәрмеңке Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді.

Похожие материалы