Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрбанктің кірісі 6,3% -ға өсті

Нұрбанктің кірісі 6,3% -ға өсті

2015 жылы Нұрбанктің таза пайдасы 6,3%-ға өсіп, 1,78 млрд теңгеден 1,89 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл туралы 2015 жылғы банктің жиынтықталған қаржылық есептілігіне сілтеме жасап LS хабарлайды.

Алайда банктің салық салу кезіндегі шығыны 49 млн теңгеден асты. Ал 2014 жылғы банк пайдасы 2 млрд  теңгені құраған еді. 2015 жылғы Нұрбанктің операциялық табысы 31%-ға төмендеп, 14,5 млрд теңгені құрады.

Компанияның таза операциялық табысы 3,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,6%-ға артық. Ал таза пайыздық кіріс 25%-ға төмендеді. 2014 жылы таза пайыздық көрсеткіш 16,1 млрд теңгеге тең болса, 2015 жылдың 31 желтоқсанында 12,1 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, банк активтері 9,2%-ға артып 323,2 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы  296 млрд теңгені құраған еді.

2015 жылдың 31 желтоқсанында банк капиталы 42 млрд теңге болды. Ал 2014 жылғы банк активтері 40,7 млрд теңгені құраған еді. Сондай-ақ банк міндеттемелері 10,2%-ға өсіп, 281,2 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 255,2 млрд теңгені құраған болатын.

Фото: vesti.kz

Похожие материалы