Астана. 16 қараша. 7kun.kz – Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінен бастаған.
2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әр түрлі лауазымдарды атқарған. 2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болған.