"Нұрлы жер" бағдарламасымен 14 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі
17 января, 2019
Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасымен 14 220 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
"Аймақ әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, осы жылы 14 220 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр", - деді төраға.Сондай-ақ, 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салымшыларын 59,7 млрд теңгеге несиелендіруді жоспарлап отыр.2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 64 млрд теңге болатын 8 659 пәтер сатылған. Ал, «Нұрлы жер» жүзеге асырыла бастағалы бері 13 197 қазақстандық баспаналы болды. Баспана сатып алу үшін оларға жалпы сомасы 98,2 млрд теңгені құрайтын қарыз берілді. Қаражаттың 69%-ы республикалық бюджеттен, ал 31%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке қаражатынан бөлінді.Бағдарлама шарттарына сәйкес, сатылатын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы алдын-ала белгіленген. Баспана бағасы Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 000 теңгеден, ал басқа аймақтарда 140 000 теңгеден аспайды."Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында тұрғын үй құрылысы саласында дүмпу туғызып, оның дамуына үлес қосқан, мыңдаған қазақстандыққа баспаналы болуға мүмкіндік берген «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудың табысын ерекше атап өтті. Оның көмегімен жергілікті әкімдіктерде үй кезегінде тұрған азаматтар, бюджет саласында жұмыс істейтін қазақстандықтар, табысы нарықтық шарттармен үй сатып алуға мүмкіндік бермейтін жандар жеңілдетілген бағамен пәтер сатып ала алады. Бағдарлама аясында берілген заемдардың орташа сомасы – 7,3 млн теңге. «Нұрлы жерге» қатысушылар арасында екі бөлмелі пәтерлер ең үлкен сұранысқа ие болып отыр", - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.