Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 86 мың жұмыс орны ашылды

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 86 мың жұмыс орны ашылды

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Руслан Дәленов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 86 мыңнан астам жұмыс орны ашылғанын айтты.

Ұлттық экономика министрінің хабарлауынша, көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы 4,6 мың км жол құрылыспен және реконструкциялаумен қамтылды және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 528 км қозғалыс ашылды. 928 км темір жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысында ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді және Семей қаласының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. 2018 жылы 172,7 км инженерлік желілер салынды, олардың тозуы 60%-дан 57%-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ, Р. Дәленов бағдарламаны іске асыру 2018 жылы ЖІӨ өсіміне үлес қосып, жоспардағы 55 мың жұмыс орны кезінде 86 мыңнан астам жұмыс орнын құруға жол ашқанын атап өтті.

Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 791 млрд теңге көзделген, соның ішінде республикалық бюджеттен 437,2 млрд теңге қарастырылған, оның 437,1 млрд теңгесі немесе 99,9%-ы игерілген.

Похожие материалы