
24 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ІХ экономикалық форумға қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Форум аясында Президент Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін елімізге келетін ХВҚ өкімші-директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді.
Сондай-ақ, 25 мамырда Н. Назарбаев Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пайдалану және еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі.