Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нью-Йорк биржасында bitcoin индексі пайда болады

Нью-Йорк биржасында bitcoin индексі пайда болады

Bitcoin криптовалютасы NYSE-ге жетті. Нью-Йорк қор нарығында NYXBT тикерімен жаңа индекс пайда болады. Ағымдағы бағамдар туралы мәліметтердің негізінде орташа деңгей есептелінеді де, инвесторлардың көбісі инвестициялық шешімдерді қабылдай алатын болады деп жазады Вести Экономика.

Американың қор биржасы күніне бір рет bitcoin-ның орташа құны туралы ақпараты жариялап отырады, бұл инвесторлар үшін өзіндік бір бағдар беруші индикатор болмақ. Криптовалютаның индексі NYSE Global Index Feed (GIF) тізіміне қосылады. NYSE Group президенті Томас Фарли өз компаниясының бұл шешімін былай түсіндірді: "bitcoin құны біздің клиенттеріміз қадағалап отырғысы келетін индикаторға айналып келеді, себебі олар активтердің осы жаңа класын пайдаланып, транзакцияларды жүргізгісі, саудаласқысы және инвестиция салғысы келеді. Дүниежүзілік индекстер нарығының көшбасшысы және ICE LIBOR, ICE Futures, US Dollar Index және және басқа да маңызды индекстердің иесі ретінде біз bitcoin нарығын ашық қылуға қуаныштымыз". Ашық ету жайында айтқанда, Фарли bitcoin алаңдарының көптігін меңзеп отыр, бұл алаңдарда криптовалюта құны әр түрлі болуы мүмкін немесе юаньдарда, иендерде және Америка қауымы үшін үйреншікті емес өзге ақша бірліктерінде көрсетіледі. NYXBT индексі Сан-Францискода орналасқан Coinbase криптовалюта биржасының деректеріне негізделетін болады. Бірақ басқа ірі алаңдардың да бағамдарын пайдаланатын болады.

Похожие материалы