Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҢАЙ! картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі екі аптада 2 есе өсті

ОҢАЙ! картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі екі аптада 2 есе өсті

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz - Cараланған тариф енгізілгеннен кейінгі 2 аптаның қорытындысы бойынша ОҢАЙ! картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі 7 584 651-ге жетті. Бұл алдыңғы екі аптада (шілденің 18-31 аралығында) тіркелген транзакциялар көлемінен 2 есе көп. Ол кездегі көрсеткіш - 3 466 599 транзакция болған. Ал жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу көрсеткіші 2 134 371-ден 477 376-ға дейін түсіп, 4 есе кеміген. Бұл туралы Холдинг баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы автопарктерінің түсімі соңғы екі аптада 524 487 940 теңгеге жетіп отыр. Бұл шілденің соңғы екі аптасында тіркелген 314 249 570 теңгеден 67 пайызға жоғары.

Тамыз айының бірінші және екінші апталарының нәтижелерін салыстырсақ, ОҢАЙ! картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі 518 568-ден 564 984-ке жетіп, 9 пайызға артқан. Ал қолма-қол ақшамен жүргізілген транзакциялар - 307 275-тен 170 101-ге дейін төмендеп, 45 пайызға кеміді.

Естеріңізге саламыз, сараланған тариф енгізілгенімен, жолақының негізгі тарифі (80 теңге) және барлық жеңілдіктер өзгеріссіз қалды.

Похожие материалы