Шымкент. 25 наурыз. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды.
Арман Сәбитұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор.
Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етіп келеді.