Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-ның үздік тауарлары анықталды

ОҚО-ның үздік тауарлары анықталды

ОҚО-да "Ең үздік тауар" байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жергілікті байқауға 80-ге жуық тауар өндірушілер қатысты. Ол жерде бұрыннан аты бар кәсіпорындар да, жаңадан ашылғандары да бар. Осы жылы аталған байқауға 26 жаңа компания қатысты. Кәсіпорындардың жұмысын тексеріп, қорытынды шығарған сарапшылар комиссиясы "Ең үздік өндірушілік тауар" шығаратын компания деп "Казмедприбор" ЖШС таныды. Бұл компания бірнеше жыл бойы жоғары технологиялық медицина жабдықтары мен медицина жиһаздарын шығарумен айналысады. Екінші орында - "Карлскрон" кәсіпорны, үшіншіде - "Зерде-керамика" ЖШС. "Тұрғындарға арналған үздік тауар" номинациясында "Planta" ЖШС топ жарды. Компания косметикалық майлар, фито шайлар, биологиялық қоспалар мен медицина қорапшаларын шығарады. Осы номинацияны екінші орны - "Назар текстиль" ЖШС, үшінші орны - "Құдайбергенов" ЖК-ға берілді. "Үздік өндірістік тауар" шығаратын компания аталымында "Хамит" ауыл тұтынушы кооперативі үздік болды. Ол балық өндірісімен айналысады. Екінші орында - "Шымкенткус", үшінші орында - "Мадлен KZ" ЖШС. Үздік деп танылған компаниялар "Қазақстанның үздік тауарлары" республикалық конкурсында бақ сынайтын болады.

Похожие материалы