Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауыл газсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауыл газсыз қалды

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Мақтарал ауданында газ құбыр апаты салдарынан 806 шаңырақ газсыз қалды. Бұл туралы «КазТрансГаз» АҚ хабарлады.

4 қарашада Атакент аудандық-газ шаруашылығының төтенше диспетчерлік қызметіне Асық-ата кентіндегі газ құбырының зақымдануы туралы хабарлама келген.

«Жоғары қысым әсерінен Нұр, Ақниет және  Көрікті ауылдарындағы жерасты полиэтилен газ құбырына зақым келген. Төтенше жағдайлар реттелді. Газ құбыры тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының талаптарына сай», - делінген баспасөз хабарламада.

Олардың айтуынша, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта газбен қамтамасыз ету толық қалпына келтіріліп жатыр.

Мейірім Бақытжанова

Похожие материалы