Экономика
Регионы
Ауылшаруашылық өндірушілерінің мәліметтер базасы құрастырылады
Оңтүстік Қазақстан облысының билігі ауыл шаруашылық өндірушілер үшін интернеттегі мәліметтер базасын құрастырмақшы, деп хабарлайды ОҚО әкімі Сапарбек Тұяқбаев. Интернет-ресурстың ақпараттары тұтынушылар үшін қолжетімді болады.
"Қазір интернет-портал дайындық үстінде. Ол жерден облыстағы барлық ауыл шаруашылық өндірушілерінің мәліметтері, қанша көлемде қандай өнім шығаратындығы, бағасы мен сапасы жөнінде толық мағлұмат алуға болады. Әрбір сатушының сапа сертификаты болады",-деді С.Тұяқбаев. Мәліметтер базасынан егістікті жинау кестесін де табуға болады.
Осы арқылы ОҚО әкімшілігі сатушылар мен ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушылар арасындағы кепілдік есебінде жүрмек.
Сайт 3 ай ішінде құрастырылады, ал мәліметтер базасы жаздың соңына дейін толығады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін ОҚО билігі интернет-ресурс негізінде онлайн режимінде келісім-шарт пен тауар бағасын төлей алу үшін биржа құрастырмақшы.