Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хэ отставкаға кетуі мүмкін

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хэ отставкаға кетуі мүмкін
Гонконг. 29 қараша. 7kun.kz - Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хэ жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге дайын екендігін хабарлады. Сондай-ақ ол жанжалға байланысты тағы да кешірім сұрап, оңтүстік кореялықтардың арасындағы наразылықты басуға толық мүмкіндігінің жетпейтіндігіне өкініш білдірді.  Елдегі БАҚ-тың жазуынша, осыған дейін Пак Кын Хенің жақтастары, бұрынғы саясаткерлер оған импичментке жеткізбей, өз еркімен отставкаға кетуге кеңес берген. Олардың сөзінше, Пак Кын Хе 2017 жылдың сәуіріне дейін президенттік орнын босатуы тиіс. Осыған дейін жергілікті журналистер Оңтүстік Кореядағы оппозициялық Демократиялық партия желтоқсанның басында Пак Кын Хенің импичменті туралы мәселені көтермекші екендерін жазған еді. Бұл ұсыныс қолдау табу үшін парламенттегілердің үштен екісі дауыс беруі қажет. Осыған дейін Оңтүстік Корея президентінің жақын құрбысы Цой Сун Силь ешбір лауазымға ие болмастан Пак Кын Хе баяндамаларына түзету енгізіп отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ құзырлы органдардың хабарлауынша, Цой Сун Силь ірі компаниялардан мәжбүрлі түрде алған қайырымдылық қаржыларын өзі құрған орталыққа жіберіп отырған.  

Похожие материалы