Экономика
КХДР билігі Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хенді өлім жазасына кесті
Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - КХДР билігі Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды inform.kz.
КХДР билігі Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе мен Оңтүстік Корея барлау қызметінің басшысы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесті. Пхеньянның мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға айыпталушылардың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасамақшы болған әрекеті негіз болған. Мұндай мәлімдемені КХДР Бас прокуратурасы елдің мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздік министрлігімен бірге жасаған. Корея орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян терроризмге қатысты халықаралық заңға сәйкес, айыпталушыларды КХДР-ға беруді талап еткен.