Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оқу ақысын төлей алмаған 17 мың студент оқудан шығарылды

Оқу ақысын төлей алмаған 17 мың студент оқудан шығарылды

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - Соңғы бір жылда мемлекетте 17 мың студент оқу ақысын төлей алмағандықтан оқудан шығарылды. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Оқудан шығарылған 17 мың студенттің 11 мыңы – жекеменшік білім ордаларына түскендер. Ал қалғаны – мемлекеттік жоғары оқу орындарының білім алушылары. Бұл мекемелер қаражаты жетпегендерді бірден оқудан шығарып жіберген.

Дегенмен, студенттердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл жоғары оқу орындарында 477 мың адам оқып жатыр. Ал шәкіртақы алатындардың үлесі 29 пайызға дейін төмендеген.

Айта кетейік, жастардың жартысынан көбі мемлекеттік емес, жекеменшік университтерді таңдайды екен.

Похожие материалы