Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

О.Жандосов: теңгенің нарықтық бағасы бұдан да жоғары

О.Жандосов: теңгенің нарықтық бағасы бұдан да жоғары

1990 жылдары Ұлттық банк төрағасы, кейін қаржы министрі болған экономист Ораз Жандосов теңге курсына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, 1 доллар/198 теңге болуы ұлттық валютаның негізгі нарықтық бағасын көрсетіп отырған жоқ. Баға бұдан да жоғары болуы керек, дейді экономист.

Теңгеге қатысты доллар курсының көтерілуін Жандосов мырза Ұлттық банк әрекетімен байланыстырады. "Ұлттық банк бар болғаны теңгені шынайы курсына жақындатып келеді. Кеңейтілген дәліздің енгізілгеніне бір ай болды. Бұлар осыған дайын болды. Десе де, менің ойымша бүгінгі жасалған әрекет әлі де болсын жеткіліксіз. Теңгені шынайы курсы бүгінде бұдан жоғары", – дейді экономист. Және де көтеріңкі курстың кесірінен отандық бизнес зардап шегіп жатыр деген пікірде Жандосов. "Мұнайдың ағымдағы бағасын, рубльдің қазіргі курсын ескерсек, бүгінгі теңге курсы әлі де төмен. Ресейлік тауар өндірушілер біздің тікелей бәсекелестеріміз. Ұлттық банктің қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Теңге курсын жоғарлатуды осынша созғандарының өзі қызық. Құбылмалы курс бағытында одан әрі жүре бере ме, жоқ па білмеймін", – дейді ол. Теңге курсының түзетілуіне президент сайлауы әсер етуі мүмкін. Бірақ, Ұлттық банктің одан кейін үш ай бойы долларына 188 теңгелік бағаммен неліктен үлкен қаржы бөлгенін экономист түсінсем бұйырмасын деп отыр. Ақпарат көзі: Информбюро

Похожие материалы