Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – ОАР президенті Джейкоб Зума мемлекет басшысы өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлады ТАСС.
Ол мұндай мәлімдемені сәрсенбі күні кешкісін «Африка ұлттық конгресі» (АҰК) басқарушы партиясының «бұлай болмаған жағдайда бейсенбіде сенім туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде оппозицияны қолдайтынын» хабарлауынан кейін жасады.
«Мен республика президенті қызметінен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Ұйым басшылығының шешіміне келіспеуіме қарамастан, мен АҰК-ның тәртіпті мүшесі болдым», - деді Зума.
Сондай-ақ, ол сенімсіздік вотумынан да, импичменттен де қорықпайтынын және бұл процедуралардың өз көшбасшыларының өкілеттігін тоқтатуда азаматтардың қолданатын заңды тетігі екендігін атап өтті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!