
Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Бокстан Гамбургте (Германия) өткен әлем чемпионатында алтын медаль алған Қайрат Ералиевке ОҚО облыс әкімі Ж.Түймебаев 4 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ал, әлем чемпионатының қола медаль жүлдегері Жомарт Ержанға 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.
Сонымен бірге, облыс әкімі Қайрат Ералиевтің жеке бапкері, бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге, ал үшінші орын иеленген Жомарт Ержанның жеке бапкері Нүркен Андасовқа 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығын табыстады.
Айгүл Хожантаева