Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – "Одноклассники" және "ВКонтакте" GeekBrains білім беру порталымен бірлесіп мобильді HTML5-ойындарды әзірлеу бойынша онлайн-курсты іске қосады. Бұл туралы "Одноклассники" өкілдері айтты.
"HTML5 ойын әзірлеушісі" курсы бір жылға созылады, бір айлық оқу құны - 5 800 рубль. Әзірлеуші-оқытушылар Mail.ru және басқа да IT-компаниялар.
Бағдарламаға 11 практикалық бөлім кіреді.
- Бағдарламалау негіздері
- HTML/CSS бойынша интерактивті курс
- Git.Жылдам бастау
- Linux
- JavaScript бойынша интерактивті курс
- Геймдизайнның базалық курсы
- Ойындарды монетизациялау негіздері
- ReactJS
- Node.js
- Ойынның фротендін дайындау
- Бірнеше пайдаланушы ойынының бэкендін әзірлеу
- Кросс-функционалдық командада ойынмен үш айлық жұмыс
Сонымен қатар, түлектер курстан өткендігі туралы сертификаттар алады және өз ойындарын "ВКонтакте" және "Одноклассники" мобильді платформаларында іске асырады.