Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қой етінің бағасы 14 пайызға өсті

Қой етінің бағасы 14 пайызға өсті

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары бір жыл ішінде 13,5 пайызға (54,6 мың теңге) өсті және 2017 жылдың екінші тоқсанында 459,5 мың теңгені құрады. Ақшалай табыстар 8,1 пайыз (36,2 мың теңге), 484,9 мың теңгеге дейін артты, деп мілімдеді ranking.kz.

Ет және ет өнімдеріне кеткен шығындар орта есеппен 2017 жылдың екінші тоқсанында жалпы шығынның 14,2 пайызын және 65,3 мың теңгені құрады. Бір жыл бұрын - 14 пайыз болған. Жыл ішінде өсім 14,8 пайыз (8,4 мың теңге) болды.

Қазақстанның үй шаруашылығында ет және ет өнімдерін тұтыну 2017 жылдың екінші тоқсанының аяғына қарай халықтың жан басына шаққанда 17,5 кг-ға дейін 1,6 пайызға төмендеді. Ет өнімдерін тұтынудың ең үлкен төмендеуі қой етіне болды - 10,9 пайыз, ал 2017 жылдың екінші тоқсанында орташа жан басына шаққанда 1,6 кг құрады.

2017 жылғы қазан айында қой етінің бөлшек сауда бағасы 1362,7 теңгені құрады. Бір жыл ішінде өсім 14 пайыз (167,2 теңге), бір айда 0,4 пайыз (4,8 теңге) болды. 2016 жылдың қазан айына қой бағасының жылдық өсімі 3,4 пайыз (3,9 теңге), килограмм үшін 1195,5 теңгеге дейін өскен етін.

ҚР қалаларының ішінде ең төменгі қой ет бағасы Оралда байқалды. Бір килограмм үшін 1100 теңге. Жылдық өсу 7,8 пайыз (80 теңге) болды.

Одан кейін – Ақтөбе. Бір килограмға 1141 теңге, жыл ішінде 11,1 пайызға (114 теңге) қымбаттады.Келесі орында Өскемен. Бір килограмм үшін 1156 теңге. Бір жыл ішінде қой етінің бағасы 14,3 пайызға өсті (145 теңге).

Ең жоғарғы қой етінің бағасы Астанада - 1 килограммға 1722 теңге, Алматыда - 1 656 теңге, Ақтауда - 1 448 теңге.Көбіне қой еті Алматыда (кг-ға +324 тг), Шымкент (+269 тг / кг) және Астанада (+235 тг / кг) қымбаттады.

Похожие материалы