Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Олар үнемі Еуропада демалады» – Смағұлов шенеуніктердің заңсыз баюы туралы айтты

«Олар үнемі Еуропада демалады» – Смағұлов шенеуніктердің заңсыз баюы туралы айтты

Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді заңсыз байығаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов айтты.

Қазірдің өзінде шенеунік кірістің шығу тегін түсіндіре алмаса, қаржысы тәркіленіп, өзі де қызметінен айырылуы мүмкін. Оның үстіне жауапқа тартылған соң тағы үш жыл мемлекеттік қызмет атақара алмайды.

Өзге мемлекеттер заңсыз баюмен күресу үшін мұндай шараларды бұрыннан қолданады. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады, содан бері жауапкершілікті күшейтті.

«Ол үлкен сәнді үйде тұрады, соңғы үлгідегі жол талғамайтын көліктерді пайдаланады, балалары шетелде тұрады, Еуропада демалады. Мен қандай да бір ертегі айтып отырған жоқпын, өкінішке орай, бұл шындық. Біздің кең Отанымыздың әр ауданында сіз осындай шенеунікті таба аласыз, оған: «сіз бұл ақшаны қайдан алдыңыз?» деп сұрақ қойсаңыз, әрдайым ұғынықты жауап ала бермейсіз», – деді ол.

Похожие материалы