Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Олимп" 145 млрд теңге салық төлейді

"Олимп" 145 млрд теңге салық төлейді

Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz — "Олимп" букмекерлік кеңсесіне 145 млрд теңге көлеміндегі салық есептелді. Бұл туралы Алматы прокуратурасында мәлімдеді.

Орган ақпаратына сәйкес, Алматы прокуратурасының талабы бойынша "Олимп" сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын "Олимп.kz" және Alpha-bet букмекерлік кеңселеріне тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды.

"Тексеруді Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті бес ай бойы жүргізді, соңғы бес жылдағы ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылған. Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды ескере отырып, "Олимп.kz" букмекерлік кеңсесіне 62 млрд теңге, ал Alpha-bet-ке – 83 млрд теңге есептелген", - деп түсіндірді ведомствода.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда бұрын Ұлттық қауіпсіздік қызметтері прокуратурамен бірлесіп, Қазақстаннан тыс жерлерге ақша қаражатын заңсыз шығару арналары анықталғанын және бұғатталғанын еске салды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша "Олимп"букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Onlybet және Alpha-bet лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

"Көлеңкелі экономикамен күрес бойынша өзара іс-қимыл және әдістер Алматы прокуратурасы жанындағы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде талқыланды. Нәтижесінде соттарға 80 млрд теңгеден астам сомаға күмәнді компаниялармен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 630 талап арыз түсті, 200 млрд теңгеден астам айналымымен "бір күндік" белгілері бар 150 фирма анықталды, заңсыз ойын бизнесінің 50 нүктесі жойылды, 120 автомат тәркіленді, екі ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдағы қызметті үйлестіру жұмыстары Алматы прокуратурасының ерекше бақылауында", - деді прокуратурада.

Похожие материалы