Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Олжас Сүлейменов Францияның ең жоғары наградасымен марапатталды

Олжас Сүлейменов Францияның ең жоғары наградасымен марапатталды

Франция. 17 маусым. 7kun.kz – Белгілі ақын Олжас Сүлейменов Францияның «Құрмет легионы» орденімен марапатталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ақынға марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канессе тапсырды.

«Құрмет легионы ордені француз ұлттық ордендерінің ішіндегі ең беделді марапат. Оны 1802 жылы Наполеон Бонапарт құрған. Республика Президенті Эммануэль Макрон сізді 2022 жылдың 7 наурызында Құрмет легионына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды», – деді Дидье Канессе.

Айта кетейік, 2010 жлы аталған наградамен ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев марапатталан болатын.

Похожие материалы