Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Он бесінші қарашаға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: мұнайдың әлемдік бағасы бейсенбі күні кешке АҚШ-дағы апта сайынғы мұнай қоры туралы статистикалық мәліметтер жарияланғаннан кейін өсім қарқынын біршама баяулатты, деп жазады Прайм. 22:15-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтар фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға, барреліне 62,73 долларға дейін өсті. Ал WTI маркалы мұнайға желтоқсан фьючерстерінің бағасы 0,37%-ға, барреліне 57,33 долларға дейін өсті.
Металдар: 22:20-дағы жағдай бойынша алтынға желтоқсан фьючерсінің бағасы 3,25 долларға немесе 0,22%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 470,1 долларға сатылды. Күміс фьючерстерінің құны 0,32%-ға, бір унция үшін 16,977 долларға дейін төмендеді.
Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 22:18-де bitcoin 8 705,10 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 1,17%-ға арзандады, ал оның капитализациясы 157,06 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 186,11 доллар тұрды, бағасы 1,1%-ға төмендеді. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 20,202 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 238,573 млрд доллар.