Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған.
Өңірдің жаңа басшысын облыстық мәслихат депутаттарына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин таныстырды.
Еске сала кетейік, облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаев 2019 жылы 25 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.