Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстіктің қарбызы Ресейге экспорттала бастады

Оңтүстіктің қарбызы Ресейге экспорттала бастады

Шымкент. 3 маусым. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары Ресейге қарбыз экспорттауды бастады. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш ауданы Бозай ауылдық округінің шаруалары солтүстік өңірлерді есептемегенде, таяуда көршілес Ресей мемлекетіне 137,1 тонна қарбыз жөнелтті.

Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру бойынша Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер – өрік, шие, құлпынай, қараөрік пен көкөніс өнімдері сатылымға шыққан. Мұнан бөлек, алдағы он күн көлемінде ерте пісетін картоп, қауын базар сөрелеріне шығады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілген.

Похожие материалы