Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Oodji компаниясы Қазақстандағы дүкендерінің санын қысқартады

Oodji компаниясы Қазақстандағы дүкендерінің санын қысқартады

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz - Ресейлік Oodji компаниясы Қазақстандағы дүкендерінің санын қысқартады. Бұл туралы Dostyk Plaza ойын-сауық орталығының қаржы директоры Алексей Хегай мәлімдеді, деп хабарлайды forbes.kz.

Оның сөзінше, кейбір ресейлік компаниялар Қазақстанның ретейл нарығынан кетуді жоспарлап отыр. Тіпті Kira Plastinina 2016 жылы Қазақстандағы барлық дүкендерін жапты. 

"Ресейлік брендердің қазақстандық нарықтан кетуінің себебі - дүкендердің тауарлары аса өтімді болмады, кірістен гөрі шығындар көп болды. Ал Ресейде дағдарыс басталған кезде ақшаны есептеп, әр аймақтағы дүкендердің тиімділігі қандай екеніне мән бере бастады. Мысалы Oodji-дің операторы бірнеше рет ауысты. Сондықтан олар қазіргі кезде бәрін есепке алуда. Дүкендер санын оңтайландырып, тек негізгі орталықтарын ғана қалдыруға талпынып отыр", - деді Алексей Хегай.

Сондай-ақ, ол басқа да халықаралық ойыншылар әлемдегі дүкендер санын қысқартқанмен Қазақстан нарығынан кете қоймайтынын айтады.

"Нақты бір қысқартуар болады. Әр дүкеннің келушілеріне, кірісі мен шығынына қатысты көрсеткіштер есептелуі мүмкін. Бұл олардың басты офисінің шешіміне қатысты болмайды. Егер дүкеннің табыс аз болып, шығыны көп болса алғаш салынған капиталына қарамастан жабуға тура келеді" - деді Алексей Хегай.

Oodji – жастарға арналған киім сататын ресейлік компания. 1998 жылы Санкт-Петербургте негізі қаланып, 2011 жылға дейін Oggi деген атауға ие болды және тек әйелдерге арналған киімдер мен аксессуарларды сатумен айналысқан. Кейін дүкендер ассортиментіне ерлер мен балалар киімі қосылды.

Похожие материалы