Санкт-Петербург. 25 шілде. 7kun.kz - 24 шілде күні мұнай бағасы 1,5 пайызға өсті. ОПЕК-тің мониторингтік комитеті мен қатысушы мемлекеттердің шикізат өндіруді тоқтату туралы келісімді бұзуға қатысты кездесуде осындай қорытындыға келді.
Қатысушы мемлекеттер келісім шарттарын әрі қарай орындай беретіндіктерін білдірді.
Сауд Арабиясының министрі Халед әл-Фалех барлық серіктестердің "міндеттерін тамаша атқарғанын" және келісімге қатысушылар Ливия мен Нигерияны жеке шикізат өндіруін тұрақтандыруда қолдайтындықтарын айтты.
"Әрине, біз серіктестерімізге шикізат өндіруін қайта қалпына келтіру талпыныстарын қолдаймыз. Сонымен қатар, комитет бұл өсімнің әлемдік сұранысқа қалай әсер ететіндігін зерттеуі қажет", - деді Халед әл-Фалех.