Дереккөзге сәйкес, Иран мен Венесуэла тарапынан артып отырған жеткізілім деңгейіне байланысты мұнай өндірісі көлемін арттыруы мүмкін.
Атап өтсек, ОПЕК-ке кіретін Парсы шығанағының елдері өндірісті арттыру туралы келіссөздерді қайта жаңғыртады. Себебі олар Brent маркасының барреліне 80 доллардан болуына байланысты қысымды азайтпақшы.
Басылымның дереккөзі хабарлағандай, бүгінде барлық мүмкін деп есептелінетін ұсыныстар мен сценарийлердің түрлі үлгілері беріліп, әлі де қызу талқыланып жатыр .
Айта кетейік, Bank of America Corp сарапшылары мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін артуы мүмкін деп болжам жасады.