Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — ОПЕК+ мұнай өндіру жөніндегі келісімді 2020 жылдың көктеміне дейін ұзартуы мүмкін. Себебі, ОПЕК + мониторингтік комитетінде мұнай өндіруді қысқартуды қолдады.
Осылайша, министрлер мұнай өндірудің тоғыз айға, 2019 жылдың шілдесінен бастап төмендейтінін айтты.
Мониторингтік комитеттің барлық мүшелері тоғыз айлық мерзімді қолдаған.
Айта кетейік, ОПЕК+ мониторингтік комитетіне 8 ел мүше. Олар: Ресей, Сауд Арабиясы, Кувейт, Венесуэла, Ирак, БАӘ, Алжир және Қазақстан.