Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК мұнай өндіру көлемін көбейтті

ОПЕК мұнай өндіру көлемін көбейтті

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) наурызда шикізат өндірісін тәулігіне 32,8 млн баррельге дейін көбейтті. Бұл ақпанмен салыстырғанда 40 мың баррельге дейін артық деп хабарлайды Platts.

Агенттіктің хабарлауынша, өндіріс көлемін арттырған - Иран. Әлемде иран мұнайына деген сұраныс үнділік және оңтүстік кореялық мұнай өндіруші зауыттар тарапынан ұлғая түскен. Иран қара алтынын сатып алушылардың қатарында ресейлік "Лукойл", француздық Total SA және испандық Cepsa компаниялары бар.

"Сондай-ақ Ирак және Анголадағы өндіріс көлемі де 4,16 млн және 1,8 млн баррельге артқан. Ал БАӘ, Ливия, Нигерия және Венесуэладағы мұнай өндірісі наурызда азайған", - деді агенттіктен.

Жексенбіде Дохада қара алтын өндірісін төмендету мәселесін талқылайтын ОПЕК кездесуі өтуі қажет. Дегенмен Иран, Ирак және Сауд Арабиясы тәрізді ірі мұнай экспорттаушылары шикізат көлемін азайту туралы ниеттерін білдірген жоқ.

Похожие материалы