Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК отырысы қайтадан кейінге қалдырылуы мүмкін

ОПЕК отырысы қайтадан кейінге қалдырылуы мүмкін

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – ОПЕК елдерінің және оның одақтастарымен кездесу 2-4 шілдеге ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александр Новак мәлім етті, - деп хабарлайды ТАСС.

«Біз барлық елдермен 4 шілдеге ауыстыруды талқылап жатырмыз. Негізінен, бұл күн бізге де ыңғайлы», - деді ол.

Новак картельдің 2, 3 және 4 шілде күндерін қарастырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымның кездесуі 25-26 маусымда Венада өтуі тиіс. Бұл туралы 19 мамырда Джиддада өткен ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы кезінде белгілі болды.

Комитет құрамына сегіз ел кіреді, оның ішінде БАӘ, Кувейт, Венесуэла, Алжир, Ирак және Қазақстан. Комитетке Ресей мен Сауд Арабиясымен тең төрағалық етеді.

Похожие материалы