Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да битум және асфальт шығаратын зауыт ашылмақ

ОҚО-да битум және асфальт шығаратын зауыт ашылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар өз деңгейінде жүруде. Мәселен, жергілікті кәсіпкер Жалшыбек Шүменов өңірдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен бизнес-жоспарын әзірлеп, қолдануға дайын асфальт шығаруға бағытталған зауыт салуда деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі. 

Жаңа жобаның жүзеге асуы отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және дағдарыс кезінде еліміздің экономикалық тұрақтылықта болуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында асфальт шығаратын жаңа зауыттың құрылысы жүруде. Зауыт  2016 жылға өндірістік жоспары бойынша ірі түйірлі асфальттан 7 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алған жылына 30 мың тонна асфальт шығаруды көздеп отыр. Болашақта 21 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап қойған өндіріс орны мемлекеттік акт алғаннан соң толықтай іске қосылатын болады.

Похожие материалы