Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оқу гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады

Оқу гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінде хабарлады.

Бұған дейін ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады.

"Аталған топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар.  Мәселен, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Төменде пәндер комбинациясы мен білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсыналады:   

  • "Биология" + "География" - 9 
  • "Дүниежүзі тарихы" + "География" - 4 
  • "Математика" + "Физика" - 25 
  • "Химия" + "Биология" - 16 
  • "География" + " Дүниежүзі тарихы " - 1 
  • "Қазақ тілі" + "Қазақ әдебиеті" - 3 
  • "Орыс тілі" + "Орыс әдебиеті" - 3 
  • "Шет тілі" + " Дүниежүзі тарихы" - 5 
  • "Математика" + "География" - 9 
  • "Дүниежүзі тарихы" + "Адам. Қоғам. Заң" - 2 
  • "Химия" + "Физика" - 1 
  • "География" + "Шет тілі" – 2  
  • Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны - 9).  

Бұдан басқа, енді ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет. 

Сондай-ақ, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастырып, ЖОО-на ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті.

Похожие материалы