Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қорғасынның әлемдік нарығы қаңтар-қарашада теңдестірілді, ал мырыш дефицитте

Қорғасынның әлемдік нарығы қаңтар-қарашада теңдестірілді, ал мырыш дефицитте
Әлемдік қорғасын өндірісі 2014 жылғы қаңтар-қарашада шамамен тұтыну көлемімен теңдестірілді, ал мырыш нарықта әлі күнге дейін дефицитте, бұл жөнінде International Lead and Zinc Study Group (ILZSG)-тың баспасөз баянында хабарланды. Тазартылған қорғасынның шығарылымы 1,2%-ға  - 10,3 млн тоннаға дейін өсті. Бұл шама 2013 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда  (10,174 млн тонна). Сұраныс 1%-ға 10,194 млн тоннадан 10,299 тоннаға  өсті. Осылайша, өткен жылдың 11 айының ішінде 1 мың тоннадай артық шығарылған болса, одан бір жыл бұрын әлемдік нарықта 20 мың тоннаға дейін дефицит байқалған болатын. Қорғасын өндірісінің көтерілуі көбіне Қытай, Үндістан, Италя, Қазақстан және Оңтүстік Кореяда байқалған. Осы кезде Жапония мен АҚШ-та керісінше, қысқарған. Металл тұтыну Еуропа (+2,3%) мен ҚХР (+1,2%) есебінен көтерілген, ал АҚШ-та сұраныс 0,6%-ға азайған. 2014 жылдың қарашасында қорғасын өндірісі өткен айдағы 993,3 мың тоннамен салыстырғанда 1 млн 27,2 млн тоннаға өскен. Нәтижесінде, қарашада нарықта металл жетіспеушілігі көрініс тапты. Тазартылған мырыш өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 12,296 млн тоннаға тең болды, 2013 жылы сол уақыт аралығында 11,805 млн тонна болатын.Мұның басты себебі Қытайдағы өндіріс көлемінің артуы. Ал бұл уақытта Үндістан мен АҚШ-та өндіріс көлемі азайған болатын. Металл тұтыну көлемі 5,4%-ға – 11,903 тоннадан 12,551 млн тоннаға көтерілді. Бүкіләлемдік өсімнің басты факторы Қытайдағы сұраныстың артуы (10,5%). АҚШ-та көрсеткіш 3,9%-ға өссе, Еуропада 1,6%-ға азайды. Мырыштың өткен жылдың қаңтар-қарашасында дефицит болуы 98 мың тоннадан 255 мың тоннаға жетті. 2014 жылдың қарашасында мырышты өндіру өткен аймен салыстырғанда 1 млн 170, 3 мыңнан 1 млн 207,2 мыңға жетті. Ал тұтыну көлемі 1 млн 131,3 мың тоннадан 1 млн 190,4 мың тоннаға өсті. Нәтижесінед, әлемдік нарықта дефицит көлемі қарашада 16,8 мың тоннаға азайды. БҰҰ-да 1959 жылы құрылған ILZSG мырыш пен қорғасынға деген тапсырыстар мен сұраныстар туралы ақпарат беріп, осы металлдардың әлемдік нарықтағы жағдайын зерттер отырады. Бұл топтың мүшелері: Аустралия, Бельгия, Бразилия, Болгария, Канада, Қытай, Финляндия, Франция, Германия, Үндістан, Иран, Ирландия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Мексика, Марокко, Намибия, Нидерланды, Норвегия, Перу, Польша, Португалия, Россия, Сербия, ОАР, Швеция, Таиланд и АҚШ, және Еуропалық одақ кіреді. Бұл мемлекеттердің үлесіне қорғасын мен мырыштың әлемдік өндірісінің  85%-ы тиесілі.

Похожие материалы